Жапония 15 жыл бұрынғы АЭС-тегі апаттан кейін саланы қайта жаңғыртуға көшті
Сурет: flickr/NRCgov
ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл – 14 жыл ішіндегі алғашқы электр беру әрекеті. Станция реакторлары 2011 жылы болған Фукусима-1 атом электр станциясы апатынан кейін бір жыл ішінде кезең-кезеңімен тоқтатылған болатын.
Қазір шамамен бір тәулік ішінде электр беру қуаты біртіндеп арттырылып, оңтайлы деңгейге жеткізіледі. Бұдан кейін сынақ процесі тоқтатылып, мамандар алынған деректерге жан-жақты талдау жүргізеді.
Реакторды толыққанды коммерциялық пайдалануға беру 18 наурызға жоспарланып отыр.
Жапонияның атом энергетикасын қадағалау басқармасы "Касивадзаки-Карива" станциясындағы техникалық мәселелер нысанның өзіне қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Радиоактивті заттардың таралуы немесе станция аумағында және оған жақын жерлерде радиация деңгейінің өзгеруі тіркелмеген.
Бұған дейін Қазақстандағы екінші атом электр стансасы да Алматы облысында салынатындығын жазғанбыз.