ХАМАС Газадағы шетелдік тұтқындарға қонақ ретінде қарайтынын мәлімдеді

ХАМАС Газадағы шетелдік тұтқындарға қонақ ретінде қарайтынын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 12:18 Сурет: Zakon.kz
ХАМАС саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арури ливандық БАҚ-қа израильдік тұтқындар палестиналық тұтқындарға айырбасталатынын, ал шетелдік кепілге алынғандар қонақ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израильдік Ynet порталы ХАМАС тұтқындарының жартысынан көбінде шетелдік төлқұжат бар екенін хабарлады.

"Біздің қамаудағы шетелдіктер – қонақтар. Сионистік (израильдік - ред.) тұтқындарға келетін болсақ, олар бізден тұтқынға түскендер мен бауырларымызға айырбасталады", – деді әл-Арури.

Таяу Шығыстағы қақтығыс 7 қазанда Газа секторы Израильге қарай мыңдаған зымыран атқылаған соң өрши түсті. Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) "Темір қылыштар" операциясын бастады. Газа секторындағы ұрыс салдарынан 5 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 15,2 мың адам жараланды, Израиль жағынан 1,4 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 5,4 мың адам жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: