Мексикада "Отис" дауылынан 27 адам қаза тапты
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, "Отис" дауылы Сафир-Симпсон шкаласы бойынша бесінші санатқа дейін күшейген. Дауылдағы желдің екпіні максималды жылдамдық 75 м/с-қа дейін жетті.
Бірнеше қаланың көшелері су астында қалды, бүлінген көп үйді жөндеуге тура келеді. Бірнеше негізгі жол жабық күйінде қалып отыр. Ал электр желілерінің зақымдануы салдарынан бірнеше аймақтан хабар алу мүмкін болмай тұр.
Мексиканың азаматтық қорғау қызметі Герреро штатында төтенше жағдай жариялады. Акапулько курортында қонақүйлер мен әуежайдың 80%-ы зақымданды, барлық байланыс түрі мен жол қозғалысы бұзылды.
Бұған дейін хабарланғандай, "Отис" дауылы 25 қазанға қараған түні Мексиканың Герреро штатының жағалауында болды. Ол кезде адам шығыны туралы ақпарат болмаған еді.