Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар: отбасы мүшелерімен қосқанда 161 адам
Сурет: wikimedia
ҚР Сырты істер министрлігінің дерегі бойынша Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қосқанда олардың саны - 161 адам. Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте айтты деп хабарлайды Zakon.kz.
"Газа секторында ҚР Сырты істер министрлігінің дерегі бойынша қазақстанның 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен қосқанда олардың саны 161 адам. Сонымен қатар шетелдік азаматтардың отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр тарапынан және Израиль тарапынан белгілі бір талаптар бар. Мысалы, үштен бір бөлігі эвакуациялауға, яғни жоғарыда аталған талаптарға сай келмейді. Бұл кәмелетке толған балалар, ерлі-зайыптылар, немерелер және балаларының жұбайлары". Айбек Смадияров
Сонымен қатар ҚР СІМ ресми өкілі кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кету мүмкіндігі болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес екенін айтты.
"Осыған орай біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кету мүмкіндігі болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес. Біз Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз. Дегенмен көп нәрсе бізге байланысты емес. Бұл әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысып жатыр. Өз тарапымыздан біз толық дайынбыз".ҚР СІМ өкілі
Ол азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуациялық порт Каирге ұшып шығуға дайын екенін қосты.
"Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүделерін қорғау ҚР сырты істер министрлігі мен елшіліктерінің негізгі міндеттері. Алдын алу шараларын қабылдау үшін біз Таяу шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай, оның шиеленісі күннен күнге күшейіп келеді", - деді Айбек Смадияров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript