Жаңалықтар тізбегі
0

Трамп сот отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке келіп жетті

Дональд Трамп, сот отырысы, Нью-Йорк, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 23:56 Сурет: The White House
Дональд Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті несие алу үшін активтер бағасын қымбаттатқаны туралы іс бойынша Нью-Йоркте өтіп жатқан сот отырысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости "саясаткер залға үнсіз кірді, үстінде көк костюм мен көгілдір көйлек болды. Экс-президент ашулы көрінді" деп жазады. Сотқа дейін Трамп TRUTH әлеуметтік желісіндегі парақшасында "бұл істі сайлауда кедергі келтіру мақсатында өзінің саяси қарсыласы Джо Байден қаузап отыр" деп жазды.

Сондай-ақ сот залында Нью-Йорк штатының Бас прокуроры Летиция Джеймс те болғаны атап көрсетіледі.

Трамп өзінің Trump Organisation компаниясына тағылған айыптар бойынша сұрақтарға жауап беруде, деп нақтылайды басылым.

Нью-Йорк штатының Бас прокуроры бұған дейін Трамп өзінің активтерінің құнын 10 жыл ішінде 812 миллион доллардан 2,2 миллиард долларға дейін көтермелеп көрсеткенін айтқан болатын. Оның пайымдауынша, Трамп Майамидегі гольф курорты, Вашингтондағы және Чикагодағы қонақ үйлер құрылысына қажет несие ақшаны алу үшін осындай алаяқтыққа жүгінген.

2022 жылы Джеймс Трампқа, оның балаларына және онымен байланысты компанияларға 250 млн доллар көлемінде алаяқтық жасады және жалған ақпарат берді деген күдікпен талап-арыз түсірді. Сондай-ақ Бас прокурор соттан Трамп пен оның балаларына Нью-Йорктегі компанияларды немесе корпорацияларды басқаруына және штаттағы қаржы институттарынан бес жыл бойына несие сұрауларына тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар Джеймс соттан Трампқа және онымен байланысты Trump Organization компаниясына Нью-Йоркте жылжымайтын мүлік сатып алуына бес жылға тыйым салуды сұрады.

Трамп өзіне тағылған көптеген айыпқа түсініктеме бере отырып, түрмеге түсемін деп еш алаңдамайтынын және бұл туралы тіпті ойламайтынын да айтқан болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: