Трамп АҚШ егемендігінің бір бөлігін жоғалтқанын мәлімдеді

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 12:42 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте мэр сайлауында Зохран Мамданидің жеңіске жеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Arabiya мәліметіне сүйенсек, президент Америкалық бизнес-форумда сөйлеген сөзінде бұл оқиға АҚШ егемендігінің бір бөлігін жоғалтуға әкелді деп мәлімдеді.


"Біз өткен түнде Нью-Йоркте аздап егемендігімізді жоғалттық, бірақ бұл мәселені шешеміз", – деді АҚШ басшысы.

Осыдан бұрын Трамп өзін демократ-социалист санайтын Зохран Мамдани мэр болып сайланса, АҚШ-тың ең ірі қаласы экономикалық және әлеуметтік салаларда толық дағдарысқа ұшырайды деп болжам жасаған еді.

Мамдани өз жеңісінен кейін АҚШ президентіне қарсы тұратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Трамп саясатын қолдайтын америкалықтардың саны күрт азайғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: