Жаңалықтар тізбегі
0

Зеленский Украинада сайлау өткізуден бас тартты

Украина, Украина президентін сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 09:25 Сурет: president.gov.ua
Украина президенті Владимир Зеленский қоғамға сайлау тақырыбын шығару жауапсыздық екенін айтты. Ол қазір қаражат пен ресурстарды бағыттайтын басқа да толып жатқан нәрсе бар екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленский халыққа арнаған үндеуінде: "Бәріміз қазір соғыс уақыты екенін, көптеген сын-қатерлер тұрғанын және қоғамға сайлау тақырыбын шығару мүлде жауапсыздық екенін түсінеміз", – деді Зеленский халыққа жолдауында.

Оның айтуынша, ел бірлікте жұмыс істеуі керек. "Мемлекетте қақтығыстарға және басқа біреудің Украинаға қарсы ойынына орын қалмауы үшін нүкте қоя алатын және қоғамға барлық қажет жауапты бере алатын құрылымдар бар", – деді ол.

Жақында депутат Алексей Гончаренко Украина президентін сайлау мерзімін жариялады. Оның айтуынша, Зеленский президент сайлауын 2024 жылғы 31 наурызда өткізу жөніндегі шешімді бекітті.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба, өз кезегінде, Зеленский 2024 жылдың көктемінде президенттік сайлау өткізудің оң және теріс жақтарын таразылап жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: