Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Палестинаға миллион доллар бөлуіне қатысты пікір білдірді

Израиль Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Палестинаға көмегі, Палестина, Израиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 12:36 Сурет: Zakon.kz
Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симона Гальперин 2023 жылғы 7 қарашада өткен брифингте Қазақстанның Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде бөлген миллион долларына қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Симона Гальперин Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді.

"Израиль палестиналықтарға көмектесуге қарсы емес. Израиль палестиналықтармен емес, ХАМАС-пен соғысып жатыр. Израильдің айтатыны, мен бұл туралы тағы да анықтап айтқым келеді, бұл көмек ХАМАС-қа емес, террористерге емес, палестиналықтарға берілуі керек. Көмек ауруханаларға, мектептерге, балабақшалар салуға, экономикаға баруы керек". Симона Гальперин

Ол соңғы жылдары палестиналықтар басқа мемлекеттерге қарағанда әртүрлі халықаралық ұйымдар мен елдерден көп гуманитарлық көмек алғанын айтты.

"Өкінішке қарай, соңғы онжылдықтарда палестиналықтар БҰҰ мен басқа ұйымдардан басқа адамдарға қарағанда көбірек көмек алды. Бірақ бұл көмек қайда? Сумен қамтамасыз ету мен өнеркәсіптің, экономиканың, мектептер мен ауруханалардың орнына оның бәрі жер астында, ХАМАС-тың туннельдерінде жатыр. Сондықтан біз палестиналықтарға көмектесуге мүлдем қарсы емеспіз, бірақ бұл көмек Палестинаның бейбіт тұрғындарына берілуін талап етеміз". Симона Гальперина

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР үкіметі бөлген қаражат Біріккен ұлттар ұйымының Таяу шығыс агенттігіне аударылғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: