Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 15:53 Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі
Алматы қаласындағы №144 мектеп-гимназияның оқушылары Түркияда өткен Халықаралық көп пәндік олимпиадада жүлделі орындар иеленді. Мектеп командасы 24 түрлі жүлдені иеленіп, оған қоса интеллектуалды жобаның бас жүлдесі Анталия қаласының Туризм академиясына грант иеленді.

Олимпиадаға 14 елден келген 750 оқушы қатысты. 144-мектеп-гимназиядан 12 оқушы барды. Егер Qazaq Stroy компаниясын оқушыларды қолдамағанда, бұл сапар болмас еді. Олар оқушыларға қаржылай қолдау білдірді. Сонымен қатар құрылыс компаниясы оқушыларды арнайы сыйлықтармен марапаттады. Оны Алматы қаласына келген соң компанияның басқарушы директоры Болат Ибрагимұлы табыстады.

"Оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды Анталиядағы көп пәндік халықаралық олимпиаданың тамаша аяқталуымен құттықтаймыз. Біз осындай іс-шараның бір бөлігі бола алғанымызға қуаныштымыз. Нәтижелер біздің күткенімізден асып түсті. Балалар жарайсыңдар. Әр оқушы біздің елімізді осы деңгейі жоғары және жауапты жарыста лайықты түрде таныстырып, өзінің терең білімі мен тамаша дайындығын көрсетті. Компания дарынды оқушыларға алдағы уақытта қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті", - деп атап өтті Болат Ибрагимұлы.

Олимпиада математика, физика, химия, биология, география, орыс және ағылшын тілдері, әлем тарихы және шахматтан өтті. Сонымен қатар бағдарлама шығармашылық тапсырмаларды да қамтыды.

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 15:53

Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі

Анталия қаласындағы туризм академиясында оқуға арналған грантты" мектеп түлектері арасында жеке есепте ең басты жүлдені Максим Ефременко жеңіп алды. Ол математика, орыс және ағылшын тілдерінде абсолютті нәтиже көрсетті және Рубик текшесін жылдам құрастыруда үздік атанды.

"Мен мұндай ауқымды жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Бұл ұмытылмас естеліктер. Гуманитарлық, математикалық және шығармашылық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынадым. Олимпиада маған өз күшімді сынап, чемпион екенімді дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мен және менің сыныптастарым үшін мұндай іс-шараға қатысу баға жетпес тәжірибе болды. Әрине, бұл тек бастамасы ғана. Баршаңызға сәттілік тілеймін", - деп бөлісті олимпиаданың бас жүлдегері Максим Ефременко.

144- мектеп мұғалімдері бәсекелестік жоғары болғанын айтады. Олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен білімді оқушылар жиналған. Дегенмен, біздің оқушыладың өздеріне деген сенімі мен білімі жеңіске жетелеген.

"Біз мұндай жоғары деңгейлі халықаралық олимпиадаға бірінші рет қатысып тұрғандықтан қатты қобалжыдық. Жарыстың алғашқы күні біздің тобымыздың мүшесі биология пәнінен бірінші орын алды. Бұл бізге шабыт сыйлап, күн сайын біздің оқушылар жүлделі орындарды иелене бастады", - деді оқу орнының директоры Әлия Саламатова
Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадада үздік атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 15:53

Сурет: Qazaq Stroy баспасөз қызметі

Гимназия басшылығы оқушылардың педагогикалық құрамы мен ата-аналарын алғыс хаттармен марапаттады.

Анталиядағы көп пәнді халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері өтіп келеді. Жыл сайын әлем оқушылары арасындағы жарысты Анталиядағы халықаралық Орыс мектебі мен туризм академиясы ұйымдастырады. Зияткерлік марафоннан басқа, Олимпиада бағдарламасына Анталия аймағының тарихи орындарына экскурсиялар, спорттық-ойын-сауық іс-шаралары, түрік мектептеріне бару және Жерорта теңізі жағалауында демалу кірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: