Жаңалықтар тізбегі
0

Исландияда ТЖ режимі жарияланып, адамдар қаладан эвакуацияланып жатыр

Жанартау, Исландия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 14:07 Сурет: freepik
Исландияда төтенше жағдай жарияланды: полицейлер тұрғындарды қатты жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстік-батысындағы жанартаудың атқылау ықтималдылығына байланысты теңіз жағалауындағы Гриндавик қаласынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Исландия метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, жұма күні түн ортасынан сенбіде сағат 14:00-ге дейін 800-ге жуық жер тербелісі тіркелді, жер сілкінісі ошағының ең таязы 3-3, 5 шақырым тереңдікте болды.

Бүкіл әлем бойынша жер сілкіністерін тіркейтін Volcanodiscovery сайтында соңғы бір сағат ішінде Исландия аумағында 40-қа жуық жер сілкінісі болғаны хабарланған. 
"Жер сілкінісі бұрынғысынан да күш алуы мүмкін және оның қайта-қайта қайталануы жанартаудың атқылауына әкеліп соғуы мүмкін. Алайда магманың жер бетіне жақындауының белгілері әлі байқалған жоқ. Бұл жағы мұқият бақылауда", - деп хабарлады азаматтық қорғау агенттігі.
Volcanodiscovery, Исландия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 14:07

Сурет: өзге сайттан алынды

Агенттік тұрғындардың қаладан кетуі керек екенін атап өтті.

"Біз тұрғындарды үйлерін тастап, қаладан кетуі керек екенін тағы бір рет ескертеміз. Бірақ бұл шұғыл эвакуация емес, дайындалуға, заттарды жинап, қаладан алаңсыз шығуға жеткілікті уақыт бар екенін тағы бір рет атап өткіміз келеді".
Бұл аймақтағы әлемге әйгілі Көгілдір мүйістегі жерасты ыстық суы сейсмикалық белсенділіктің жалғасуына байланысты жабылды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: