Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда жарияланған ТЖ режимі кемінде 30 тәулікті қамтиды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2023 18:21 Сурет: Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі өңірде сумен және электрмен жабдықтау қызметінің толықтай тоқтауын болдырмас үшін жарияланды. Теңізде Каспий деңгейінің төмендеуіне байланысты пайда болған екі су асты қайраңы табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір шұғыл түрде туындаған мәселені зерттейтін және оны жоятын компания іздестіріліп жатыр. 

Қазіргі уақытта теңіз жағалау сызығынан шамамен 450-500 метрге шегерген. Осыған байланысты су арналары біртіндеп таязданады, бірақ әзірге бұл ретте су толығымен келіп жатыр. Теңіз деңгейінің төмендеуі қазірдің өзінде су арналарына лай мен құмның жиналуына әкеліп соқтыруда. Бір жыл ішінде энергокомбинат ЖЭО-1 арнасының түбіне тазарту жұмыстарын жүргізді. Екінші су арнасын тазарту үшін балшық сорғыш құрылғы сатып алуға тендер өткізуі қажет.

"Квадрокоптермен визуалды шолу жүргізу кезінде теңізде екі қайраңның пайда болғаны байқалды, бірақ олар әлі су астында. Олар су қоймасы арналары алдында орналасқан. Бірінші қайраң шамамен 150 метр қашықтықта, екіншісі – 300 метр қашықтықта. Осы қайраңдар анықтала сала біз бірден Ақтау әкімдігіне жүгіндік", - деді "МАЭК" ЖШС Бас директорының орынбасары Аян Уйкекбаев.

Энергокомбинаттың өзі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, су мен электр қуатын жеткізуді қамтамасыз ететін барлық қондырғылар да жұмысын қалтқысыз атқаруда. Соңғы екі түнде қала тұрғындары бетпе-бет келген су тапшылығы магистральдық құбырды жөндеуге байланысты болды. Бұл жағдайдың су қоймасына ешқандай қатысы жоқ, деп сендіреді әкімдік.

"Жарияланған төтенше жағдайдың уақыты нақты белгісіз. Төтенше жағдай 30 күнге жарияланды, дегенмен қажет болған жағдайда тағы созылуы мүмкін", - деді Ақтау қалалық ТЖБ басшысы Жандос Кенжебаев.

Қала әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаевтың айтуынша, ОСЖТ-2 және ОСЖТ-3 арасындағы құбырда ақау пайда болуына байланысты, маусымның 6-нан 7-сіне қараған түні және маусымның 7-сінен 8-іне қараған түні ауыз суға қатысты шектеу болды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, су қалыпты қысыммен берілуде. Бұл оқиғаның жарияланған жергілікті төтенше жағдайға қатысы жоқ.


"Қазіргі уақытта жергілікті ауқымдағы комиссия шешімімен төтенше жағдай жарияланды. Теңіздің тартылуына байланысты қаланы сумен қамтамасыз ететін 2 нысанға су жеткілікті мөлшерде келмеу қаупі бар. Жергілікті дәрежедегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай – қаладағы болашақта болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу, ескерту мақсатында жарияланды. Сондықтан су қысымының төмендеуі жарияланған ТЖ-ға қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді. Тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Имаммахмут Шагирбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: