ЕҚЫҰ өкілі БАҚ бостандығын талқылау үшін Қазақстанға келеді

ЕҚЫҰ өкілі БАҚ бостандығын талқылау үшін Қазақстанға келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 19:26 Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
13-15 қарашада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза ​​Рибейро Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 13 қарашада өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

"2023 жылғы 13-15 қарашада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза ​​Рибейро Қазақстанға келеді. ЕҚЫҰ өкілінің сапарының негізгі мақсаты - Қазақстандағы медиа саласындағы жағдайды, еліміздің осы бағытта ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылын талқылайды".Айбек Смадияров

Сапар барысында Тереза ​​Рибейроның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және ҚР парламенті мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшылығымен кездесуі жоспарланған.

Ал Қазақстанның журналистер қауымы 2023 жылдың басында әзірленген, кейін жаңартылып, мәжіліске жіберілген "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасын қызу талқылап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: