Жаңалықтар тізбегі
0

ЕҚЫҰ төрағасы Буяр Османи Қазақстанға келеді

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 17:44 Сурет: ҚР СІМ
11 тамызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте айтты.

Сапар аясында Буяр Османидің ел басшылығымен, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, сонымен қата Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесулері жоспарланып жатыр.


"Келіссөздер барысында Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сонымен қатар еліміз бен Солтүстік Македония арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасу өтеді", - деді СІМ-нің ресми өкілі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: