Қазақстан сейсмологтары Ауғанстанда жер сілкінгенін анықтады

Қазақстан сейсмологтары Ауғанстанда жер сілкінгенін анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 09:18 Сурет: wikimedia
Қазақстанның ұлттық деректер орталығының мамандары Ауғанстанда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, сілкініс Астана уақытымен 15 қараша күні сағат 06:05-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде.

Эпицентр координаттары:

  • солтүстік ендік 36,90 градус, шығыс бойлық 70,80 градус.
  • Магнитудасы mb=6,1.
  • Энергетика класы K=12,7.
  • Тереңдігі h= 109 км.

Бұған дейін 11 қарашада Қазақстан сейсмологтары Тәжікстанда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісін тіркеген еді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде Тәжікстан аумағында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: