Алматыда жер сілкінді
Сурет: wikimedia
Сейсмологтар Алматының оңтүстігінен 323 шақырым қашықтықта магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ СОМЭ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісі 8 қарашада Алматы уақытымен 00 сағат 09 минутта болған. Жер сілкінісінің ошағы Қытай территориясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 13.3.
Магнитудасы: 6.1.
Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматыда, Шалкөде, Ұзынбұлақ, Көкпек ауылдарында - 2 балл.
Бұған дейін 11 қазанда магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырымда - Алматы облысының аумағында тіркелген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript