Газа секторындағы жағдай: Араб елдерінің СІМ басшылары Ресейге келіп жетті

Араб елдерінің СІМ басшылары, Ресей, Газа секторы, Таяу Шығыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 21:28 Сурет: Twitter/KSAmofaEN
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан Әл Сауд бастаған ислам және араб елдерінің СІМ басшылары Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін Ресейге келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Сауд Арабиясы сыртқы саяси ведомствосының X (Twitter) желісіндегі ресми аккаунтында ақпарат пайда болды. 

Келіп жеткен делегация РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Газа секторындағы атысты тоқтату және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды деп күтіледі. 

Бұған дейін  Фейсал ибн Фархан Әл Сауд Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет өз жұмысына кіріскенін айтқан болатын. Оның міндетіне Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі іс-қимылдар ұсынымын дайындау жатады. Бұған дейін араб және ислам елдерінің СІМ басшылары Қытайға барып, Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен Палестина-Израиль қақтығысы мәселесін талқылаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: