Қазақстаннан Қытайға сүйекті жеміс дақылдары экспортталады
Жаңа піскен сүйекті жеміс дақылдарын экспорт партияларына қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттамада экспорт үшін Қазақстанның сүйекті жемістерінің (шабдалы мен өрікті қоса алғанда) барлық қолданылатын қытайлық фитосанитариялық заңдар мен нормативтік актілерге, денсаулық пен қауіпсіздік стандарттарына сай келуі және құрамында карантин зиянкестері болмауы және топырақпен араласпауы керек делінген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жазды.
"Қытайға сүйекті жеміс дақылдарын экспорттағысы келетін барлық жеміс-жидек бағы мен буып-түю кәсіпорны ҚР АШМ тіркеліп, ҚР АШМ және ҚХР ГТУ да мақұлдануға тиіс. Буып-түйілген сүйекті жеміс дақылдарын тек сүйекті жемістер бар камерада сақтау керек. Әр қорапта жеміс атауы, экспорттаушы ел, өндіру орны, бақшаның атауы немесе коды және орау орны көрсетілген қытай немесе ағылшын тілінде таңбалануы керек. Әр қорап пен паллет қытай немесе ағылшын тілінде мына мәтінмен белгіленуі керек: "Қытай Халық Республикасына экспортталды", - делінген хабарламада.
Қазақстанның сүйекті жеміс дақылдарын әкелу порттары – ҚХР ГТУ жеміс әкелуге рұқсат берген барлық қытай порты мен әуежайы.
Бүгінде Қазақстанда бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бал, жүн, сүт өнімдері, сиыр еті, қой және шошқа еті және тағы басқасын қоса алғанда, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 23 түрін экспорттау бойынша Қытаймен қол қойылған хаттама бар.