Берік Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Берік Манасов 1985 жылы Шымкентте дүниеге келген, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы қаржы талдаушысы болып бастаған.
2007 - 2008 жылдар аралығында қаржы ұйымдарында жұмыс істеген.
2008 жылдан 2013 жылға дейін "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2013-2014 жылдары "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ бас менеджері, кейін Қазынашылық департаментінің директоры болды. 2018 жылдан бастап "ҚазАгрогарант"акционерлік қоғамының ішкі бақылау қызметінің бастығы, Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript