Жаңалықтар тізбегі
0

Үндістанда түннел опырылып, жер астында қалып кеткен жұмысшыларға құтқарушылар ақыры жетті

Түннел, опырылу, құтқарушылар, Үндістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 19:34 Сурет: Global News/видеодан алынды
Құтқарушылар Үндістанның солтүстігінде түннел (үңгіржол) опырылып, 12 қарашадан бастап үйінді астында қалып келген жұмысшылар тобына жетті. Адамдарды жер бетіне бір-бірлеп шығарылатыны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымы 28 қарашада "үнділік құтқарушылар Уттаркаши қаласындағы опырылған түннел ішінде қалып кеткен 41 адамды шығаруға" дайын деп жазды. Жұмысшылар17 тәуліктен астам уақыт бойында  үйінді астында болып келеді.

Адамдарды дөңгелегі бар зембілдің көмегімен үйінді астынан бір-бірлеп шығара бастайды. Оларды ені 90 сантиметр болатын құбыр арқылы жер бетіне алып шықпақ. Жұмысшыларды алып өтетін құбырды төсеу жұмыстары 28 қарашада сәтті аяқталды.

Сол құбыр арқылы жұмысшыларға тамақ, су, оттегі баллондары, шамдар және басқа да қажетті заттар берілді. Бірақ осы уақытқа дейін құтқарушылар жер астындағы адамдарға жете алған емес. АҚШ-тан әкелінген бұрғылау қондырғысы сынып қалғаннан кейін үйінділерді қолмен бөлшектеуге тура келді.

Жұмысшылар жер бетіне шығарыла салысымен, оларды дереу ауруханаға жеткізеді. Сыртта оларды туыстары мен оннан астам дәрігерлер күтіп тұр, олар қажет болған жағдайда оқиға орнында шұғыл көмек көрсетеді. 

Түннел опырылған 12 қарашадан бастап бүкіл әлем жер астында қалып кеткен 41 жұмысшының тағдырын бақылап, олар үшін алаңдаулы. Оларға жету үшін қабылданған бұған дейінгі әрекеттер бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: