Киев төңіріндегі жағдай: Брюссельде Украина – НАТО кеңесінің сыртқы істер министрлері деңгейіндегі жиын өтті

Украина, НАТО, АҚШ, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 23:13 Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
Солтүстік атлантикалық альянс елдерінің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Украина – НАТО кеңесінің отырысында Киевпен әріптестікті тереңдету мәселесін талқылады. Бұл жөнінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ресейді төмен бағаламауға" шақырды, өйткені ресейлік армияда "зымыранның біршама қоры" бар.
  • АҚШ Грекиямен 75 мың артиллериялық снаряд сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Грекияның Ekathimerini басылымы хабарлады.
  • НАТО сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленіскеніне қарамастан, Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыру үшін Киевпен қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмысты күшейтуге келісті.
  • Қазақстан соты Вагнер жалдамалы жасағының құрамында Бахмуттағы ұрысқа қатысқан жергілікті тұрғынды алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды. Прокурор дәл осындай мерзім белгілеуді сұрады.
  • Еуроодақ соты ресейлік миллиардер Дмитрий Пумпянскийдің ұлын еуропалық санкциялар тізімінен шығарды.
  • Американың кейбір штаттары Украинаға әскери көмек көрсетуден миллиардтаған доллар табыс алды - Reuters.
  • Ресей ешқашан Украинаны жаулап алуды мақсат еткен емес, толық ауқымды соғыс қимылдарын бастаған Батыс пен Владимир Зеленский болды – Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский.
  • Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина Еуропалық Одаққа кіру бойынша келіссөздерді бастау талаптарының барлығын дерлік орындағанын айтты.
  • НАТО мен Украина келесі жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды, оған энергетикалық қауіпсіздік пен Украина қарулы күштерін оқыту кіреді – НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: