Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды

Алматыда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2024 12:09 Сурет: Telegram/pressmfakz
2024 жылғы 21 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезіндегі басымдықтарды орындау жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы талқыланады деп жоспарлануда.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұйым қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған құжаттарға қол қойылып, бірқатар саяси мәлімдемелер қабылданады деп күтілуде.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: