Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Алматыда ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 13:23 Сурет: ҰҚШҰ
Алматыда 2024 жылдың 31 мамырында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жұмысына ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, Ұйымның Бас хатшысы және Біріккен штаб бастығы қатысты.

Отырыстың шағын құрамында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер туралы Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасады.

Отырысты Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов ашты.

"Кеңестің пленарлық отырысында тараптар бірқатар құжаттар қабылдады. Олар ҰҚШҰ-ның ұжымдық күштерін бірлесіп даярлауды жоспарлау, заманауи қару-жарақ үлгілерімен, әскери және арнайы техникамен жабдықтау төңірегінде болды",- деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі отырысқа қатысушыларға жемісті және нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

"Бүгінгі отырыс барысында біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге жан-жақты талдау жүргіздік. Ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының өзара іс-әрекетін одан әрі тереңдетуге және оның әскери құрамдас бөлігін дамытуға бағытталған құжаттар қаралып, қол қойылды", – деп түйіндеді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: