ҚР Қорғаныс министрі ҰҚШҰ жарғылық органдарының отырыстарына қатысты

Қорғаныс министрі, Минск, ҰҚШҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 18:08 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Беларусьтің ҰҚШҰ-ға төрағалығының қорытындысы шығарылды. Отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери-саяси жағдайды және сессияаралық кезеңдегі Ұйым қызметінің басымдықтарын талқылады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бірлескен отырыста ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын қозғайтын құжаттардың жобалары мақұлданды.

Өз кезегінде, қазақстандық тарап кездесуге қатысушыларды Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі қызметтің басым бағыттары туралы хабардар етті.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: