Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның тағы бір ірі компаниясы мұнай өндіруді күрт қысқартты

Қазақстанның тағы бір ірі компаниясы мұнай өндіруді күрт қысқартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 10:41 Сурет: akorda.kz
Әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақты игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating (КПО) халықаралық консорциумы мұнай өндіруді күрт қысқартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Отын-энергетика кешенінің ахуалдық-талдау орталығы" АҚ хабарлады.

"ТШО мен NCOC-тан кейін Қазақстанның тағы бір ірі компаниясы КПО Новороссийск портындағы ауа райы жағдайына байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) танкерлерге мұнай құюды тоқтатуына байланысты мұнай өндіруді қысқартты", - делінген "ҚР МАК ТЭК" АҚ Telegram арнасындағы хабарламада.

Мысалы, 29 қарашада КПО-да тәуліктік өндірістің төмендеуі 34% (36-дан 23,8 мың тоннаға дейін) болды.

"ТШО бойынша төмендеу 67% (83,4-тен 27,2 мың тоннаға), NCOC бойынша – 65% (54-тен 18,6 мың тоннаға)", - деп түсіндірді "ҚР ОЭК МАК" АҚ.

"Теңізшевройл" ЖШС – Теңіз кен орнын игеру үшін құрылған Қазақстанның бірлескен кәсіпорыны.

North Caspian Operating Company (NCOC) – Қашаған кен орнында мұнай өндіру жобасының операторы.

2023 жылғы 27 қарашада Новороссийск теңіз портындағы дауылды жел мен күшті толқындарға байланысты Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалы арқылы экспортталатын Қазақстан мұнайын жөнелтуді тоқтатқаны белгілі болды.

28 қарашада Энергетика министрлігі Қазақстан мұнай өндіруді күрт қысқартқанын хабарлады. Елдің ірі кен орындарындағы өндірістің төмендеуі – 56%.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: