Жаңалықтар тізбегі
0

Қай елдің азаматтары Қазақстанға заңсыз кіруге тырысқан

Қай елдің азаматтары Қазақстанға заңсыз кіруге тырысқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 11:49 Сурет: pxhere
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жыл басынан бері Қазақстан шекарасында қанша заңбұзушы ұсталғанын және қай елдің азаматтары елге заңсыз кіруге жиі әрекет ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қарашада құзырлы органдармен өзара бірлесіп, шекара кеңістігінде 5 820 (жыл басынан – 30 823) Қазақстанның заңын бұзушыларды ұстады.

Соның ішінде:

  • 28 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды (11 Қырғызстан, 9 Өзбекстан, 7 Пәкістан, 1 Ресей);
  • 19 шетел азаматының шекараны бұзу әрекетінің жолы кесілді (6 Өзбекстан, 4 Ауғаныстан, 4 Йемен, 3 Сирия, 1 Тәжікстан,1 Сьерра-Леоне).

Мемлекеттік шекара арқылы 858, соның ішінде:

  • 51 есірткі заты;
  • 17 ату қаруы мен оқ-дәрі (3 дана ату қаруы, 91 дана оқ-дәрілер, 397 дана суық қару);
  • 18 діни әдебиет (260 дана);
  • 360 жанар-жағармай материалдары (55 400 литр) (жалпы сомасы 26 млн теңгеден асады);
  • 343 халық тұтынатын тауарлар (жалпы сомасы 858 млн теңгеден асады);
  • 69 валютаны заңсыз алып өту фактісінің алды алынды (жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам).

Каспий акваториясындағы 26 браконьерлік фактінің алды алынды. Сонымен қатар:

  • жалпы ұзындығы 17,3 км тордан тұратын браконьерлік аулау құралдары;
  • 147 дана (638 кг) бекіре тұқымдас балық;
  • 7 970 дана (11 543 кг) ұсақ тұқымдас балық.

Алды алынған залал сомасы – 252 млн теңге. Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.


"Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункті штат режимінде жұмыс істеді", - деп қосты ҚР ҰҚК.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: