Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 09:57 Фото: flickr/Gage Skidmore
Дональд Трамп елдегі қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News телеарнасының мәліметінше, тыйым салынған елдерге келесілер кіреді: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен. Сонымен қатар, тағы жеті елдің – Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла азаматтарына қатысты ішінара шектеулер енгізілді.


"Президент Трамп американдықтарды біздің елге келіп, бізге зиян тигізгісі келетін қауіпті шетелдік субъектілерден қорғау туралы уәдесін орындайды", – деді Ақ үйдің өкілі Абигейл Джексон.

Оның айтуынша, бұл елдерде адамдарды тиісті түрде тексермейді, сонымен қатар, бұл мемлекеттерде мерзімі өткен визалар көп. Жарлықта кейбір ерекшеліктер қарастырылған: мысалы, тыйым қос азаматтығы бар адамдарға, шетелдік дипломаттарға, спортшыларға және басқа да кейбір санаттарға қолданылмайды.

Бұған дейін Балиге есірткі алып өтпек болған үш саяхатшының өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: