Балиге есірткі алып өтпек болған үш турист өлім жазасына кесілді

Балиде есірткі алып өтпек болған  үш турист өлім жазасына кесілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 10:18 Сурет: unsplash
Бали туристік аралына кокаин алып өтпек болғаны үшін үш турсит өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS мәліметінше, 3 маусымда Индонезияға шамамен бір килограмм кокаин алып өтпек болған үш британ азаматы Бали аралында сот алдында жауап берді. Елдің қатаң есірткіге қарсы заңдарына сәйкес, енді оларды өлім жазасы күтіп тұр.

28 жастағы Джонатан Кристофер Колльер мен 29 жастағы Лиза Эллен Стокер 1 ақпанда ұсталды. Кеден қызметкерлері оларды рентген аппаратында тексеру кезінде, азық-түлік қаптарына жасырылған күмәнді заттарды тапқан.

Зертхана сынамалары Колльердің жүгінен табылған он десерт қоспасы мен оның серігінің чемоданындағы жеті ұқсас пакетте жалпы құны 368 мың доллар болатын кокаин барын растады.

Екі күннен кейін билік 31 жастағы Финеас Эмброуз Флотты ұстады. Ол есірткіні осы екеуіне жеткізіп отырған. Олар Англиядан Индонезияға есірткі заттарын Катардың Доха халықаралық әуежайы арқылы транзитпен өткізген. Топ кокаинді Балиға екі рет сәтті жеткізген, алайда үшінші ретте қолға түсті.

Индонезияның Иммиграция және қылмыстық-түзету істері министрлігінің дерегінше, қазіргі уақытта елде өлім жазасына кесілген 530 адам бар, олардың 96-сы – шетел азаматтары. Индонезияда соңғы өлім жазасы 2016 жылдың шілдесінде индонезиялық және үш шетелдік азаматқа қолданылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: