Қытайда бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді

Қытайда бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 11:20 Сурет: pixabay
28 қыркүйекте Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзянь пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді, дегенмен жазаны орындау екі жылға кейінге шегерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

NHK агенттігінің мәліметінше, үкім Цзилинь провинциясындағы Чанчунь қаласының орта деңгейлі халық сотында шығарылған. Сонымен қатар, Тан саяси құқықтарынан өмір бойына айырылды. Оның барлық жеке мүлкі мен заңсыз табыстары мемлекет пайдасына тәркіленеді.

2007 жылдан 2024 жылға дейін Тан Жэньцзянь орталық және жергілікті билік органдарында әртүрлі лауазымдар атқара жүріп, кәсіпкерлік қызмет, келісімшарттар жасау және кадр мәселелері бойынша ұйымдар мен жеке адамдарға қолдау көрсету үшін пара алып келген. Параның жалпы сомасы 268 миллион юаньнан (шамамен 38 миллион АҚШ доллары) асады.

2024 жылғы 25 шілдеде өткен сот процесінде бұрынғы шенеунік өз кінәсін мойындап, соңғы сөзінде өкініш білдірді. Осыны ескере отырып, сот оған өлім жазасын екі жылға кейінге қалдырумен үкім етті.

Бұл – үкімді орындау екі жылға шегеріледі деген сөз. Егер осы мерзім ішінде ол жаңа қылмыс жасамаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.

Тан Жэньцзянь Оңтүстік Қытайдағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы халық үкіметі төрағасының орынбасары, Солтүстік-Батыс Қытайдағы Ганьсу провинциясы халық үкіметінің төрағасы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, ол ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің партиялық жетекші тобының хатшысы болған.

Бұған дейін Қытай тауларында әлемдегі ең биіктегі көпір ресми түрде ашылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: