Өзбекстанда газ құю стансаларының жұмысына жаппай шектеу енгізіліп жатыр

Газ құю стансасы, Өзбекстан, шектеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 15:56 Сурет: pixabay
Өзбекстанның Энергетика министрлігі өз атына бораған сыннан кейін қыс айларының басталуына байланысты елдегі барлық газ құю станцияларының жұмысы шектелетінін мәлімдеді. Энергетика министрлігі тұтынушыларды "жағдай тұрақтанғанша" үнем жасай тұруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі мен "Худудгазьтаминот" компаниясының мәліметтері бойынша, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты халық арасында табиғи газға сұраныс артқан. Бұл өз кезегінде "газ қысымының айтарлықтай төмендеуіне" әкеліп соқты. 

Сонымен қатар, 7-16 желтоқсан аралығында қатты суық болатыны болжанғандықтан осы кезеңдерде газ қысымының төмендеуі күтіледі (0 градус – 8 желтоқсан, -16 градус – 12 желтоқсан). Осының негізінде "халықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында" газ құю станцияларының жұмыс уақытын шектеу түрінде шаралар қабылданып жатыр. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: