Қосшыда газ құю бекетінен өрт шықты

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 21:56 Сурет: видеодан алынды
Өрт сөндірушілер автогаз құю станциясындағы газ-ауа қоспасының тұтанған отын сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 маусымда сағат 17:20-да Қосшы қаласында автогаз құю станциясындағы артық қысым клапанының іске қосылуы салдарынан газ-ауа қоспасы одан әрі тұтанып, от 5 шаршы метр алаңға дейін таралды.

Өрт сағат 18-00-де оқшауланып, 18-15-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. № 34 өрт сөндіру бекетінен шығу орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 11 қызметкері мен екі техникасы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 10 қызметкері мен екі техника, Қосшы қаласының ЖАО өрт сөндіру бекетінің екі қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: