Сеулде Қазақстанның қос дипломаты өртенген көлікті сөндірді
Сурет: pixabay
Сеулдегі Қазақстан елшілігінің екі дипломаты 18 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:20 шамасында Ханнам-донгта өртеніп жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автокөлік Янмун-ро, Ёнсан-гу мекенжайында орналасқан Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы ғимараттың жерасты тұрағынан шығып келе жатқан. Кенеттен көлік тұтана бастаған.
The Korea Herald басылымы елшілік қызметкерлері - ҚРБ кезекші коменданты Руслан Қайрамбаев пен бірінші хатшы Бауыржан Байтілеуов төтенше жағдай кезінде сол маңда болып, шалт әрекет еткенін жазады.
"Қос дипломат та елшіліктің алдында жанып жатқан көлікті көріп, оған бей-жай қарай алмаған. Тез әрекет ете отырып, олар өртті сөндіру және жағдайдың ушығуына жол бермес үшін көлікке қарай ұмтылған", – деді қазақстандық дипломат Дәулет Ибраев басылымға берген сұқбатында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript