СІМ: Йеменде бірде-бір қазақстандық тіркелмеген
Сурет: pixabay
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингіде Йемендегі консулдықта бірде-бір қазақстандық тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер "Йемендегі қандастарымыз АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылынан зардап шеккен жоқ па?" деп сұрады.
Бірде-бір қазақстандық Йемендегі консулдық есепте тұрмағандықтан, біздің азаматтардың зардап шеккені туралы да ақпарат жоқ.Айбек Смадияров
2024 жылдың 12 қаңтарында АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операция бастағаны белгілі болды. Зымыран соққылары ұшақтардан, жер үсті кемелерінен және суасты қайықтарынан, соның ішінде "Томагавк" қанатты зымырандарын қолдану арқылы жасалды.
АҚШ президенті Джо Байден егер хуситтер Қызыл теңіздегі шабуылын тоқтатпаса, оларды бомбалауды жалғастыра беретінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript