Тоқаев Александр Стуббты Финляндия президенті сайлануымен құттықтады

Тоқаев Александр Стуббты Финляндия президенті сайлануымен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2024 19:04 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың Сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ Сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін. Біз Финляндиямен арадағы достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін Сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: