Жаңалықтар тізбегі
0

ЮНИСЕФ зерттеуі: әлемдегі әр үшінші интернет қолданушы – бала

ЮНИСЕФ зерттеуі: әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы – бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2024 20:35 Сурет: pexels
Балалардың онлайн қауіпсіздігі – бұл әлемдегі өзекті мәселе. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында ЮНИСЕФ-тің балалық шақты қорғау бағдарламаларының жетекшісі Айсұлу Бекмұса жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"ЮНИСЕФ-тің жаһандық есебінде әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы бала делінген. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп былтыр Қазақстандағы балалардың онлайн-қауіпсіздігі мен тәжірибесі бойынша зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде Қазақстанда балалар интернетке бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен және ерте жастан қосылатынын анықтадық. Зерттеуге сәйкес, балалардың 45%-ы интернетке 5-8 жасында, ал балалардың 5%-ы одан да ерте - 4 және одан кіші жаста қосылады", - деді спикер.

Айсұлу Бекмұса интернет балалардың дамуына, оларды оқытуға, шығармашылығына, әлеуметтенуіне мүмкіндік беретініне тоқтала келе, тәуекелдерді де ескеру қажет екені айтты.

Оның айтуынша, балалардың 21%-ы құрдастары мен достарының кибербуллингке ұшырағанын көрген. Бірақ олардың жартысы ғана ересектерге интернетте кибербуллингке тап болғандарын айтқан.


"Біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп балалар үшін қауіпсіз пайдаланушылық интернет қалыптастыруға бағытталған "КиберТұмар" ақпараттық білім беру науқанын бастадық. Сонымен қатар, компания ата-аналарға да арналған: егер бала интернетте қандай да бір қауіп-қатерге тап болса, ата-аналарға арналған негізгі іс-қимыл алгоритмдері ұсынылады", - деді ЮНИСЕФ өкілі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: