АҚШ алғаш рет Газа секторына гуманитарлық көмек жолдады
Бұл жалғасын тауып жатқан әскери іс-қимылдар операцияларынан зардап шеккен жергілікті халыққа гуманитарлық көмек көрсету үшін жасалды, делінген АҚШ-тың орталық қолбасшылығы хабарламасында.
"АҚШ Қорғаныс министрлігінің Гуманитарлық авиациясы АҚШ үкіметінің Газа тұрғындарына өмірлік маңызды гуманитарлық көмек көрсетудегі үздіксіз күш-жігеріне ат салысуда. Біз әуе көмегін жеткізу бойынша кезекті миссияларды жоспарға алып отырмыз. Бұл Газаға көбірек көмек көрсету үшін, соның ішінде жер үсті дәліздері мен маршруттар арқылы көмек ағынын кеңейтудегі тұрақты күш-жігердің бір бөлігі болып табылады", делінген хабарламада.
Джо Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды шендісі АҚШ сенбі күні Газа секторына әуеден гуманитарлық жүк лақтырғанын, оған бейбіт тұрғындардың жақындағанын көріп-біліп отырғанын айтады. Сонымен қатар ол АҚШ бейбіт тұрғындардың азық-түлікті бір-бірімен өзара бөліскенін тіркегенін жеткізді, деп жазады CNN.
АҚШ-тың тағы бір жоғары лауазымды өкілі журналистерге гуманитарлық жүкті лақтыру орыны бейбіт тұрғындар паналайды-ау деген мақсатта таңдалғанын айтты.
Айта кетсек, жұмада, 1 наурызда АҚШ президенті Джо Байден Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізу жоспарын жариялады.