Швеция ресми түрде НАТО құрамына енді
Тиісті құжат АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.
"Хаттама 2024 жылдың 7 наурызында күшіне енді", делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарламасында.
Швецияның НАТО-ға қосылуы Батыс қорғаныс альянсының Ресей үшін мұнай саудасының маңызды бағыты болып табылатын бүкіл Балтық теңізін қоршауға алғанын білдіреді.
Швеция Финляндиямен бірге 2022 жылдың көктемінде НАТО-ға қосылуға өтініш берді. Қос мемлекеттің аталған әскери альянсқа қосылуына Түркия мен Венгрия қарсылық білдірді. Анкара "Күрдістан жұмысшылар партиясын" (ПКК) Швециядағы террористік ұйым ретінде тануды және оның мүшелерін өздеріне тапсыруды талап етті. 2024 жылы 23 қаңтарда Түркия Парламенті ұзақ мерзім бойы кейінге шегеріп келген шешімді басым дауыспен (55-ке қарсы 287 дауыс) қабылдап, Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады. Ал 26 ақпанда Венгрия Парламенті Швецияның НАТО-ға ену туралы өтінішін ратификациялады.