Жаңалықтар тізбегі
0

Иран мен Израиль шиеленісі: түнгі шабуылдардан кейін не болды

Иран мен Израиль, шиеленіс, зымыран, геосаяси ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 11:15 Сурет: freepik
Израильға түні бойы зымыран жаудырған Иранның аптығы басылған сияқты, - дейді екі америкалық шенеунік. Барлық деректер мен ресми қорытындылар CNN телеарнасының сайтынан алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иран түнгі шабуылдар осы айдың басында адамдар өліміне әкеліп соққан Дамаскідегі (Сирия) Иран консулдығына Израильдің жасаған соққысына жауап болды деп мәлімдеді.

Байден әкімшілігі барлық дерлік дрондар мен зымырандар, соның ішінде Израильді көздеп атқан Иранның 100-ден астам баллистикалық зымырандары аспаннан атып түсірілгенін айтады.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен АҚШ Президенті Джо Байден бүгінгі түн оның елінің жеңісі деп санауы керектігін айтты, өйткені АҚШ-тың қазіргі бағалауы бойынша Иранның шабуылдары, негізінен, сәтсіз болды және Израильдің жоғары әскери әлеуетін көрсете білді, деп хабарлады CNN президент әкімшілігінің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш зымырандармен жасалған шабуылды айыптап, ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды, 14 сәуірде Нью-Йорк уақыты бойынша  сағат 16:00-ге (15 сәуір, 01:00 Астана бойынша) БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын тағайындалды.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өзінің израильдік әріптесі Йоава Галланттан Иранның шабуылына кез келген ықтимал жауаптары жайынан АҚШ-ты хабардар етіп отыруды сұрады.

Қазіргі уақыттағы белгілі жағдайлар:

Тікелей құрбандар жоқ. Израильдің Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, Иранның соққыларынан тікелей жарақат алғандар туралы хабарлама түспеген. Алайда 7 жасар қыз зымыранның сынығынан ауыр жарақат алған, ал 31 адам дүрбелең кезінде жеңіл жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. 

Ақ үй жариялаған мәлімдемеге сәйкес, Байден жексенбіде G7 басшыларымен "Иранның өрескел шабуылына бірыңғай дипломатиялық жауапты үйлестіру үшін" кездесетін болады. Канада мен Португалия басшылары Иранның шабуылын айыптады, ал Испания премьер-министрі "қатты алаңдаушылық" білдірді.

Байден Нетаньяхуға АҚШ Иранға қарсы шабуыл операцияларына қатыспайтынын анық жеткізді, деп хабарлады әкімшіліктің жоғары лауазымды өкілі CNN-ге.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: