Жаңалықтар тізбегі
0

Иран көшбасшысы: Егер Израиль қырғынды доғармаса, онда мұсылмандарды тоқтату мүмкін болмайды

Иран, Иран көшбасшысы, Израиль, қырғын, мұсылмандар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 18:50 Сурет: pixabay
Иранның жоғары көшбасшысы Әли Хаменеи Израильдің Газа секторы тұрғындарына қарсы агрессивті әрекеттері мұсылмандар арасында ашу тудырып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tasnim агенттігі "Газа секторын бомбалау жалғаса берсе, бүкіл әлемдегі мұсылмандардың ашуы жетер жеріне жетіп, одан соң оларды ештеңе тоқтата алмайды" деп Иран басшысының сөзін келтіреді. 

"Мұсылман елдері, тіпті әлемдегі мұсылман емес адамдар тоқтаусыз жалғасып жатқан Израильдің қылмыстарынан әбден қанық. ( ... ) Егер бұл айуандық жалғаса беретін болса, бүкіл әлемдегі мұсылмандар мен қарсылық білдіруші күштердің шыдамы түгесіліп, одан кейін оларды тоқтату мүмкін болмайды", – деді Хаменеи елдің элитасы мен жоғары ғылыми қызметкерлердің жиынында.

Ол Израильдің Палестинадағы қазіргі әрекеттерін "әлемнің көз алдында жасалып жатқан қып-қызыл қылмыс әрі ашық геноцид" деп атады. Осылайша, ол бомбалауды тоқтату қажеттігін атап өтті, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының Израильдің іс-қимыл саясатын түзудегі нақты рөлін атап өтті.

Хаменеи Ислам Республикасы Израильдің әрекеттеріне жауап қатуы керек деп санайды.

"Біз Газа секторында болып жатқан жағдайлар бойынша үн қатып, қандай да бір әрекет танытуымыз керек. Бейбіт тұрғындар (Палестина анклавы) аштыққа ұшырап, күн сайын жүздеген адам опат болуда", – деді Хаменеи.

Бұған дейін Иран президенті Ибрахим Раиси Палестина топтарына қолдау білдіріп, Газа секторының әрекеттерін өзін-өзі қорғау деп атады.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең шиеленісе түсті. ХАМАС Израиль территориясына мыңдаған зымырандар атқылап, содырлар қарсы тарапқа баса-көктеп кірді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Палестинамен арадағы қақтығыс кезінде 350 израильдік қаза тапты, 1800 адам жараланды. Осы уақытта Израильдің Газа секторына әуеден жасалған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 320-ға дейін өсті. Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: