Жаңалықтар тізбегі
0

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал: Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Израиль, Иран, геосаяси ахуал, СІМ, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 18:22 Сурет: pixabay
Кеше түнде Иран Израильге жүздеген зымырандар мен дрондар ұшырып, қатыгез және бұрын-соңды болмаған шабуыл жасады. Халықаралық күштердің қолдауымен ЦАХАЛ олардың басым бөлігін әуеден атып түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Израиль СІМ таратқан мәлімдемесінде айтылады.

"Израиль қорғанысқа да, шабуылға да, яғни кез-келген сценарийге дайын. Бізге шабуыл жасағандарға немесе кез келген шабуыл жасауды жоспарлаушыларға қарсы соққы береміз. Иран өз іс-әрекеті және Израильге, сондай-ақ азат әлемге қарсы лаңкестерді қолдану арқылы жағдайды тұрақсыздандырып, аймақтағы бейбітшілікке қауіп төндіреді", делінген ресми мәлімдемеде. 

Сондай-ақ мәлімдеме мәтінінде Иран Израиль мемлекетін жоятынын мәлімдеп, әрекет те жасағаны баса атап өтіледі. 

"Әлемдегі бір де бір ел өз өміріне төнген қауіп-қатерге төтеп бермей отыра алмайды. АҚШ пен Батыс державалары Израильді қолдайды. Халықаралық қауымдастық қазір Иранға тосқауыл қоюы керек, оған террористік әрекеттерін жалғастыруына, Израиль мен аймаққа қауіп төндіруіне жол бермеуі керек. Бүкіл әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіретін режимде ядролық қарудың болуына жол берілмеуі тиіс".

Израиль СІМ ХАМАС террористік ұйымы тұтқында қатыгездікпен ұстап отырған, кепілге алынған 133 адамды үйге қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын да нақтылай кетті. 

"Алайда келесі тарап мәміледен бас тартуды жалғастыра отырып, абсурдтық талаптар қоюда. Әскери қысыммен қатар кепілге алынған адамдарды босатуды қамтамасыз ететін негізгі делдал елдермен келіссөздер жүргізіліп, тұрақты байланыстар қолданылуда. Оңтүстік пен солтүстік тұрғындары үйлеріне аман-есен оралуы үшін барлық майданда израильдіктерге төнуші террористік қауіпті жоюға ары қарай да күш сала береміз", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін күрделі геосаяси ахуалға байланысты Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар кестедегі уақытынан кешігіп жатқаны хабарланған болатын. Одан кейін Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасап, Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты ағымдағы жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайтынын жария етті.

2024 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасап, қос тарапты арадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Сондай-ақ Иранның Сыртқы істер министрлігі аталған жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: