Жаңалықтар тізбегі
0

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал: Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Иран, Израиль, геосаяси шиеленіс, СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 17:57 Сурет: pixabay
Түнде Иран Ислам Республикасы Израиль аумағына қарай зымырандар ұшырды. Иран СІМ өкілдері бұл шабуылды 1 сәуірде Сирия Үкіметінің шақыруы бойынша қызмет етіп жүрген Иранның әскери кеңесшілерін осы елде шәһид қылуына берілген жауап деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Иран Ислам Республикасы кез келген заңсыз күш қолдану мен агрессиялық әрекеттерден өзінің егемендігі, аумақтық тұтастығы мен ұлттық мүдделерін қорғауға деген табандылығын қуаттайды. Иран Ислам Республикасының заңды өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыруда қорғаныстық шараларға жүгінуі, апартеидтік сионистік режимінің Палестина халқына қарсы заңсыз және геноцидтік әрекеттерінің және оның көршілес мемлекеттерге талай әскери агрессияларының, аймақта және одан тыс жерлерде соғыс таратуды жалғастырып жатқан жағдайдағы Иранның аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты көзқарасын көрсетеді. Қажет болған жағдайда Иран Ислам Республикасы өзінің заңды мүдделерін кез келген әскери агрессиялық әрекеттер мен заңсыз күш қолданудан қорғау үшін қосымша қорғаныс шараларын қабылдайтын болады", делінген хабарламада. 

Айта кетсек, бүгін күрделі геосаяси ахуалға байланысты Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар кестедегі уақытынан кешігіп жатқаны хабарланған болатын. Одан кейін Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасап, Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты ағымдағы жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайтынын жария етті.

2024 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасап, қос тарапты арадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: