Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль өздеріне қарай Ливанның 35 зымыран бағыттағанын мәлімдеді

Израиль, Ливан, зымырандар, геосаяси ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 22:47 Сурет: pixabay
Израиль әскерилері Ливан тарапынан 35 зымыранның ұшырылғанын тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, зымырандар Израильдің солтүстігіндегі Эйн-Сейтим елдімекеніне қарай бағытталған. Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ. Израиль әскерилері жауапты соққы бергені атап өтіледі.

Сонымен қатар, біраз уақыт бұрын Израиль әскери әуе күштерінің атқыш ұшақтары Ливанның оңтүстігінде орналасқан шиит Хезболлах ұйымының әскери инфрақұрылым нысандарына соққы берді, делінген хабарламада. 

Бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху алдағы күндері кепілге алынған өз адамдарын босату үшін Палестинаның ХАМАС ұйымына әскери және дипломатиялық қысымды күшейтетінін мәлімдеген еді.

Айта кетсек, АҚШ пен Ұлыбритания билігі Иранның Израильге шабуылына жауап ретінде жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы 2024 жылдың 18 сәуірі, бейсенбіде президент Джо Байден мәлімдеді.

Израильге шабуыл 13-нен 14 наурызға қараған түні болды. Израиль қорғаныс армиясының (IDF) мәліметтері бойынша, Иран 350-ге жуық дрон, қанатты және баллистикалық зымырандарды ұшырды. Олардың көпшілігі Израиль аумағынан тыс жерде әуеде атып түсірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: