Әйел көліктің педальдарын шатастырып алып, күйеуін басып кетті

Әйел көліктің педальдарын шатастырып алып, күйеуін қағып өлтірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 10:34 Сурет: Telegram/ІІМ 24
13 мамырда Красноярск өлкесінде әйел өзінің Nissan Tiida көлігінің педальдарын шатастырып алып, жұбайын басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

69 жастағы зейнеткер өзін нашар сезінуіне байланысты, көліктен шығып, темір тұлпардың алдына құлаған. Оның рульдегі 63 жастағы әйелі бірден көмекке жүгірген. Алайда, абыр-сабыр сәтте ол көлікті тұрақты тежегішке қоюды ұмытып кетіп, нәтижесінде көлік жылжи бастаған.

Оны тоқтатуға тырысып, рульге отырған әйел, педальдарды шатастырып, жұбайын басып кеткен. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.

"ЖПҚ инспекторлары әйелді тергеді, мас күйі анықталмады. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр".ІІМ 24 Telegram-арнасы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: