Астанада әйел адам терезеден құлап кетті
Сурет: Zakon.kz
Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана полиция департаменті бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
"10 қарашада "102" арнасына Тілендиев даңғылындағы терезеден әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түсті, ол алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", – делінген полиция хабарламасында.
Алматыда егде жастағы кісі қарттар үйінің терезесінен құлап кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript