Әлемде қанша бала интернеттегі зорлық-зомбылыққа ұшырайды - зерттеу нәтижелері

Әлемде қанша бала интернеттегі зорлық-зомбылыққа ұшырайды - зерттеу нәтижелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 10:48 Сурет: pixabay
Бүкіл әлем бойынша жыл сайын интернеттегі сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалардың саны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының хабарлауынша, Эдинбург университетінің зерттеушілері 2023 жылы әлемдегі балалардың 12,6% - ы, яғни 302 миллионға жуық адам жыныстық суреттер мен бейнелерді бөлісудің құрбаны болғанын анықтады.

Онлайн қылмысқа жыныстық астармен сөйлесу, жыныстық мәселелер немесе ересектердің жыныстық әрекеттері туралы өтініштері жатады.

Childlight жобасы АҚШ-тағы әрбір тоғызыншы ер адамның (шамамен 14 миллион) балаларға қатысты онлайн қылмыс жасағанын мойындағанын айтты. Кейбіреулер, егер ол құпия түрде болса, физикалық қылмыс жасауға да дайын екендігін жасырмаған.

14 Мамырда Бразилияның Амазонас штатында 39 жастағы ер адам туғанына небәрі бес күн болған нәресте қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: