Мәскеулік полицейлер өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан күдіктіні тұтқындады
Сурет: Zakon.kz
Ресей Федерациясы ІІМ Мәскеуде атыс жасады деген күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости жазуынша, полиция күдіктіден пневматикалық мылтық тәркілеген.
"Жедел-іздестіру іс – шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні оның пәтерде орналасқан жерінен ұстады", - делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Мәскеудің Бибирево ауданында атыс кезінде ер адам мен әйел жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript