Мен оны кешіремін: Словакия премьері қастандықтан кейін алғаш рет бой көрсетті
Сурет: Facebook/Robert Fico
Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо 5 маусымда желіде өзінің алғашқы бейне хабарламасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзінің Facebook парақшасында бейне жариялады.
"Менің алғашқы қадамымды жасайтын кез келді. Бұл кешірім қадамы. Мені атқан адамды жек көрмеймін. Мен оған қатысты ешқандай заңды әрекет жасамаймын, сонымен қатар залалдың орнын толтыруды талап етпеймін. Мен оны кешіремін", – деді Словакия премьер-министрі.
Оның пікірінше, оған шабуыл жасаған Юрай Цинтула бар болғаны "Словакиядағы саяси жеккөрушіліктің елшісі..." болды.
Еске сала кетейік, 22024 жылдың 15 мамырында қарулы белгісіз ер адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны атып кетті. Саясаткер ауыр жағдайда тікұшақпен ауруханаға жеткізілген. Жасалған шабуыл салдарынан ішек қуысынан қан кетуі тіркелген.
Осы мәселені көптеген саясаткерлер талқылады, соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript