Украина бойынша Бейбітшілік саммитіне қатысушы елдер қандай шешімге келді
80 мемлекет қолдаған Бюргенштоктағы Бейбітшілік саммитінің қорытынды құжатын Reuters агенттігі жариялады.
Айта кетсек, 12 ел аталған құжатқа қол қоюдан бас тартты: Армения, Сауд Арабиясы, Таиланд, Үндістан, Мексика, Оңтүстік Африка, Бразилия және Біріккен Араб Әмірліктері.
Құжат үш тармақтан тұрады.
"Біріншіден, атом энергиясы мен ядролық қондырғыларды кез келген жағдайда пайдалану қауіпсіз, қорғалған, қорғалатын және экологиялық таза болуы керек. Украинаның атом электр станциялары мен қондырғылары, соның ішінде Запорожье атом электр станциялары МАГАТЭ қағидаттарына сәйкес және оның бақылауы бойынша толықтай, тәуелсіз Украинаның бақылауында қауіпсіз және сенімді түрде жұмыс істеуі керек"
"Екіншіден, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі азық-түлікті үздіксіз өндіру мен жеткізуге байланысты. Осыған байланысты сауда кемелерінің еркін, толық және қауіпсіз қатынасы, сондай-ақ Қара теңіз мен Азов теңізі порттарына қолжетімділіктің болуы өте маңызды. Порттарға тоқтаған және теңіздегі кемелерге, сондай-ақ азаматтық порттар мен азаматтық порт инфрақұрылымына қарсы шабуылдарға рұқсат етілмейді".
"Үшіншіден, барлық әскери тұтқындарды айырбастау арқылы толықтай босату керек. Жер аударылған және заңсыз қоныс аударған барлық украиндық балалар, сондай-ақ заңсыз ұсталған барлық басқа бейбіт тұрғындар Украинаға қайтарылуы керек".