Грекияда теңіз жағалауында 13 жасар қызға жай түсті
Сурет: freepik
Грецияның солтүстігінде кенеттен басталып кеткен нөсер жаңбыр кезінде 13 жасар қызға жай түсті. Жасөспірім қыз оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті ресми орган өкілдері қыздың ата-анасымен бірге грек және шетелдік қонақтар арасында танымал Салоников аралының оңтүстік-шығысындағы демалыс аймағында Фарос жағажайында суға түсіп жүргенін айтты, деп жазады Sky News.
Кассандрия мэрі Анастасия Халкия жаңбыр жауа бастағанда отбасы бірден теңізден шыққанын, бірақ ауа райы күрт бұзылғанын айтады.
"Найзағай көп ойнады. Әдетте, бұл - ешқандай қиындық тудырмайтын жазғы кезең", - деді ол.
Полиция қыздың ауруханаға жеткізілгенін, онда оның өлімі тіркелгенін жеткізді. Ал қыздың ата-анасы зардап шекпеген.
23 маусымда бірқатар грек БАҚ-тары аралдың өртенгенін, оған қазақстандықтар туристер түрткі екенін хабарлады. Ал 24 маусымда Қазақстан СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript