Перуде бір топ футболшыға жай түсіп, біреуі қаза тапты
Сурет: pixabay
Перуде әуесқой футболшыға матч кезінде найзағай түсті. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Оның қолында металл білезік болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қайғылы оқиға 3 қарашада әуесқой футболдан Перуде өтіп жатқан ел чемпионаты аясында кездескен "Фамилиа Чокка" мен "Хувентуд Беллависта" командалары арасындағы матч кезінде болды", деп хабарлайды AP News.
Ойын кезінде найзағай стадион аумағына түсіп, төреші кездесуді тоқтатты. Осы кезде футболшылар алаңнан кете бастаған, ал бірнеше секундтан кейін қайталанған жай бір топ ойыншыны ұшырып түсірді. Салдарынан 39 жастағы Хосе де ла Круз қаза тапты. Одан бөлек жеті адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Жергілікті билік футболшының қолында металл білезік болғанын айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript