Армения өз территориясында АҚШ-пен бірлесіп, әскери жаттығулар өткізеді
Сурет: EADaily
Арменияда 15-24 шілде аралығында өз территориясында АҚШ-пен бірлесіп, әскери жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"15-24 шілде аралығында халықаралық бітімгершілік миссияларға қатысуға дайындық аясында Арменияда "EAGLE PARTNER 2024" армян-американың бірлескен әскери жаттығулары өтеді. Оқу-жаттығуға аталған елдің Қарулы күштерінің бітімгершілік бөлімінің, Еуропа мен Африкадағы АҚШ Құрлық әскерінің, Канзас Ұлттық гвардиясының әскери қызметшілері қатысады", делінген хабарламада.
Армения Қорғаныс министрлігі әскери жаттығудың мақсаты - бітімгершілік операциялар аясында халықаралық бітімгершілік миссияларына қатысатын бөлімшелердің өзара қатынас деңгейін арттыру, басқару және тактикалық коммуникация саласындағы озық тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ армян бөлімшесінің жауынгерлік дайындығын арттыру екенін айтты.
Айта кетсек, жақында Армения НАТО саммитіне қатысатынын ресми түрде растады. 2023 жылдың қаңтарында Армения ҰҚШҰ әскери жаттығуларын өз территориясында өткізуден бас тартты. Осы жағдайдан кейін әскери жаттығу Қырғызстанда өткізілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript